ASTANA MOTORSPORTS РАЛЛИ КОМАНДАСЫ

«Дакар 2011» жыл сайынғы халықаралық құрлық аралық ралли-марафонға қатысқан алғашқы қазақстандық Команда

КOМАНДА ТУРАЛЫ

КOМАНДА ТУРАЛЫ

Astana Motorsports – Т4 санаты бойынша «Дакар 2011» жыл сайынғы халықаралық құрлық аралық ралли-марафонға қатысқан алғашқы қазақстандық Команда, ол жерде команда сегізінші орынды иеленді.

Қазіргі кезде Команда «ДАКАР» ралли-марафонына және Әлемнің ондаған елінде бірнеше санатта өтетін ралли рейдтен Әлем Кубогына қатысады:

«Т1 Супер Продакшн» санаты – айтарлықтай жақсартылған сериялық автокөліктер – Жол талғамайтын көліктер – 2 экипаж;

«Т2 Продакшн» санаты – сериялық модельден ерекшелігі аз жеңіл автокөліктер – 1 экипаж;

«Т4 Жүк көліктер» санаты – 1 экипаж.


2017 жылы Команда «Квадроцикльдер» санатындағы қауіптілердің бірі  және атақтылар қатарына жататын – жаңа бағытты ашты.

ТАРИХ

2011

«Дакар» халықаралық ралли-марафонындағы дебют

Команда «Дакар» халықаралық ралли-марафонында «Камаз» жүк көлігімен алғаш рет сынға түсіп, осы санатта қатысқан 67 экипаж ішінен 8-ші орын иеленді.

2012

«Дакар» халықаралық ралли-марафонына қатысу

1 жеңіл көлік және 1 жүк көлігі экипажы. Т4 «Жүк көліктер» санаты бойынша жарыстың қола жүлдегерлері

2013

Айналма жарыс бойынша Франция чемпионатында Команданың дебюті

Франция Чемпионатында Команданың жүк көліктерімен айналма жарыс бойынша дебюті өтті.

2014

«Формула-1» корольдік жарыстарға қатысу

Команда айналма автожарыс бойынша Әлем чемпионатына «Астана» брендімен «Формула-1» ашық дөңгелекті автокөліктерімен қатысты – үшінші (резервтік) пилот жас, болашағы зор испаниялық жарысқа қатысушы Force India командасы құрамындағы Даниэль Джункадэлья (Daniel Juncadella) болды.

Оған қоса, 2014 жылы Команда «Дакар» халықаралық ралли-марафонына максималды құраммен – 3 жеңіл көлік және 1 жүк экипажымен қатысты. Екі жеңіл көлік экипажы және бір жүк көлігі экипажының подиумы.

2015

Ралли-рейд бойынша Т-2 «Жол талғамайтын көліктер» санатындағы Әлем чемпиондары. Әлем Кубогы -2015 командалық және жеке есептегі Кубок иегерлері.

«Дакар» халықаралық ралли-марафоны сәтті өтті. Т-1 «Жол талғамайтын көліктер» санатында 117 экипаж ішінен 9-шы орын.

«Астана» брендімен DTM (Deutsche Tourenwagen Masters) Чемпионатында Команданың дебюті

Ресейдегі «Формула Мастерс» Формула-3 тас жол-айналма автожарысы бойынша Чемпионатта командалық есепте 3-ші орын.

2016

2016 жыл – Команда «Silk Way Rally-2016» ірі халықаралық ралли- марафонында в категории «Внедорожники Т-2» санатында Чемпион атанды.

Команда

Артур Ардавичус
Пилот
Денис Березовский
Пилот
Любовь Андреева
Пилот
Даниель Хункаделла
Пилот
Игнат Фальков
Штурман
Алексей Никижев
Штурман
Артур Ардавичус
Бас менеджер, «Т-4 Жүкшілер» Пилот санаты
Кайрат Жумагатов
Команда менеджері

МАҚСАТТАР

Клубты құрудағы басты мақсат Қазақстан Республикасы мен «Астана» ұлттық брендін әлемдік спорт деңгейінде дәріптеу және жетілдіре түсу, Қазақстан азаматтары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ еліміздегі жалпы автомотоспорт түрін кеңінен дамыту.

- Әлемдік автоспорттағы қол жеткізуге болатын ең жоғарғы жеңіс нәтижелерінің жетістігі;
- Команданың кәсібилігін арттыра түсу, тәртіпті сақтау;
- Команданың барлық спорттық және беделдік іс-шараларына барынша ақпараттық қолдау көрсету;  
- Команда мен оның демеушілеріне жағымды бет-бейне қалыптастыру;
- Әлемдік аренаға шыққаннан кейін, автомотоспорттың өзге тәртіптерін жетілдіру және алға жылжыту;  
- Қазақстан үшін аса маңызды әрі елеулі оқиға – Астана қаласында өтетін «EXPO-2017» көрмесін барлық халықаралық спорттық және релеванттық іс-шаралар барысында алға тарту.


Алдағы маусымға мақсаттар:


1. «Квадрацикльдер» санатында ралли командасының атынан шығу үшін қазақстандықтар қатарынан кандидаттарды жинау. «Dubai baja-2017» және «Abu Dhabi Desert Challenge-2017» шабандоздарында  оқулар жүргізу және қатысу.


2. ҚР қалалары бойынша Жолдан тыс және әскери Жүк машинасында қалаларды және аудандарды аралап,адамдарға әскери автокөліктерді ішінен көрсету мақсатымен әлеуметтік тур жүргізу.


3. Әлем Кубогы кезеңінде осы жылдан бастап,жаңа жарыс болып саналатын, -«Жүкшілер» санатында Қазақстан халықаралық раллиге қатысу


4. «Silk Way Rally-2016» ралли- марафонында  «Жүкшілер Т-4» санатында  халықаралық марафонға қатысу.


5. Дакарға және басқа да жарыстарға дайындау мақсатымен (Жолдан тыс және квадроцикльдер) команданың жаңа мүшелері үшін бірнеше УТС жүргізу.


6. Дакарға дейін Әлем кубогының бір кезеңінде Жүкшілер санатында қатысу.


7. 2018 Дакарға жылдың соңында команданы құру.


 

БАЙЛАНЫСТАР

Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қаласы, Қонаев көшесі, 8, блок Б,
"Изумрудный квартал" БО, 707 каб.

Кеңсе:
+ 7 (7172) 279 400
Баспасөз қызметі:
+ 7 (7172) 279 409

Келесі командасы

Astana Pro Team