"БАРЫС" ХОККЕЙ КЛУБЫ

«Барыс» хоккей клубы еліміздің екі мәрте чемпионы және Қазақстан Республикасы Президенті Кубогының төрт мәрте иегері.

КOМАНДА ТУРАЛЫ

КOМАНДА ТУРАЛЫ

Қалыптасу жылдарында «Барыс» хоккей командасынан халықаралық санаттағы спортшыларды тәрбиелеу тәртібі қалыптасқан толыққанды спорт клубына айналды.

«Барыс» хоккей клубы шайбамен хоккей ойнаудағы Қазақстан құрамасының ересектер арасында, жастар мен жасөспірімдер арасында негізін қалайтын клуб болып табылады. Клуб командаларында ең абыройлы және болашағынан үміт күттіретін республика хоккейшілері жиналған.

«Барыс» 2008 жылдан бері, құрамына 7 мемлекеттің командалары кіретін еуразиялық құрлықтың ең үздік хоккей лигасы – КХЛ қатысушысы.

«Барыс» Қазақстан және оның Астанасының абыройын Братиславтан және Хельсинкаға дейін Пекин және Владивостокқа дейін  өте үлкен аумақта.

ТАРИХ

2008

«Барыс» алғаш рет Қазақстан чемпионы атағын иеленді

Ерекше айтып кетуге тұрарлық маңызы бар, оқиғаларға толы жыл. Ресейдің Жоғары лигасының дебюттік кезеңінде қазақстандық команда айтарлықтай нәтижеге жетті – Шығыс дивизионда екінші орынды иеленді. Сондай-ақ қазақстандық хоккейді бір қадам алға дамыту, отандық спортшылардың кәсіби деңгейін арттыруға үлкен қадам жасалды – «Барыс» еуразиялық құрлықтағы ең танымал және жоғары санатты хоккей лигасы – ҚХЛ қатысушысы болды.

2009

Республика чемпионатында «Барыс» қатарынан алтын медальдің екі мәрте иегері болды

ҚХЛ-дегі дебюттік кезеңде «Барыс» 24 қатысушы арасынан 16 үздік клубтар қатарына еніп, плей-оффқа шықты. Бірінші раундта қазандық «Ақ Барыс» командасынан ұтылды, олар Гагарин Кубогын жеңіп алды.

Республика чемпионатында «Барыс» қатарынан екі рет алтын медальды еншіледі. Астаналық клуб 9 хоккейшінің алғашқы дивизионында әлем чемпионатына өкілдер жібереді, олар команданың турнирде жеңіске жетіп, ғаламшар біріншілігіндегі ең таңдаулы дивизионға жолдама алуына көмектеседі.

2010

ҚХЛ чемпионатында «Барыс» екінші маусым қатарынан плей-оффқа шығады

Турнир нәтижесі бойынша қазақстандық команда 24 топ ішінен 14 орын алады. Бірінші раундта қазақстандық команданың жолын Гагарин Кубогының болашақ иегері – қазандық «Ақ Барыс» тобы тағы да бөгейді.

Желтоқсан айында 80 пайызы астаналық команданың ойыншыларынан құралған ел құрамасы «Prime Euro Ice Hockey Challenge» Еуропалық турнирінде Тартыс (Вызов) Кубогының Кубогын ұтып алды. Астанада алғаш рет «Қазақстан Республика Президентінің Кубогы» халықаралық хоккей турнирі өтеді. «Барыс» бас жүлдені ұтып алады.

2011

Азия ойындарындағы жеңіс

ҚХЛ барлық қатысушылары арасында қорытынды есепте 14-ші орынды иеленге табан тіреді. Елдегі «Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы» турнирінде команда тағы да бас жүлдені олжалайды. Біздің елімізде алғаш рет өткен Азия ойындарында басым көбі «Барыс» хоккейшілерінен құралған Қазақстан құрамасы құрлық біріншілігінде алтын медальдар алады.

Әлем чемпионатында үштен екісі «Барыс» ойыншыларынан құралған қазақстандық команда бірінші дивизионда турнирде жеңіске жетіп, элитті топқа өтеді. Клуб жүйесінде «Қар барыстары» жастар клубы құрылады, олар ЖХЛ құрамында өнер көрсетеді және БЖСМ атынан шығады.

2012

ҚХЛ чемпионатының қорытынды турнир кестесінде «Барыс» алғаш рет 20 командадан астам топтың ішінде әлемнің 5 елін таныстыратын ТОП-10 санатына енеді

Төртінші маусым қатарынан қазақстандық жасақ плей-оффқа өтеді. Астаналық команда Гагарин Кубогы ұтыс ойнының екінші раундына жолдама алуға дайын болды. Бірақ жеті матчке созылған қажырлы күресте магнитогорскілік «Металлург» командадан басым түсті.

2013

«Барыс» үшінші рет «Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы» халықаралық турнирінде жеңіске жетті

ҚХЛ қатысушылар саны артады – 7 мемлекеттен 26 команда шығады. Маусым қорытындысы бойынша «Барыс» турнир кестесінде 11-ші орынды иеленді. Астаналық хоккейшілер бесінші мәрте плей-оффқа шығады.

70 пайызы Астаналық ойыншылардан құралған еліміздің хоккей құрамасы бірінші дивизионда әлем чемпионатын ұтып алып, ғаламшардың ТОП-16 командасы есебіне кіреді. Клуб жүйесінде «Томирис» әйелдер командасы құрылды.

2014

Жаз айында «Барыс» Екатеринбургта «Тас гүл» халықаралық турнирінде жеңіске жетеді

Тұрақты чемпионатта «Барыс» маусым басталғанда 6-дан 10 матчке дейін ҚХЛ нәтижелілік рекордын жаңартты. Жиынтық есеппен осы ойындардар Астаналық ұжым алдыңғы маусымдағы басқа командалардан көп гол соқты. Плей-оффқа алтыншы рет мезімінен бұрын шықты, ал Гагарин Кубогын ұтысқа салуда Барыс 4:0 есеппен бірінші раундта «Автомобилист» командасын жеңіп, шығыс конференцияның жартылай финалына шықты. Астаналықтар чемпионатта 28 қатысушы команда ішінен 7-ші орынды иеленді.

2015

«Барыс» «Қазақстан Республикасы Президенті Кубогының» төрт мәрте иегері болды

«Барыс» жетінші рет плей-оффқа шығады. Бірінші ойында омбылық «Авангардпен» сайысы нағыз триллерге ұқсады, матчтер саны бәрінен көп болды.

Чемпионатта астаналықтар 28 орынның ішінен 11-ші орынға табан тіреді. Әлем чемпионатында бірінші дивизионда үштен екісі «Барыс» хоккейшілерінен құралған ел құрамасы турнирде мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, таңдаулы дивизионға өтті.

2016

«Барыс» маусым бойы жаттықтырушы штабта бірқатар қиыншылықтарды басынан кешірді, ХЛК чемпионатында сңғы матчқа дейін жүйелі түрде сегіз күштілердің қатарына шығуға мүмкіндікті сақтады. Бірақ нәтижесінде бір ұпай жетіспей қалды. Алғаш рет 8 ХЛК маусым бойы «Барыс» плей- оффқа кіре алмай қалды.
«Қарлы барстар» жас командасы бірінші рет өз тарихында Харламов Кубогында болашақ финалистке - нижегородтан «Чайкаға» орын беріп,Шығыс конференциясы полуфиналына шықты.
«Томирис» әйелдер командасы Қазақстан чемпионатының күміс алқасын жеңіп алды.
«Барыстың» ойыншыларының негізгісі болып саналатын, ұлттық құрама элиталық әлем чемпионатында көп жылдар бойы жеңісті ұстап келе жатыр. Бірақ турнирде алған ұпайлары, ТОП- 16 мекен- жайларын сақтауға жетпей қалды.

Команда

1
Хенрик Карлссон
2
Роман Савченко
3
Вячеслав Трясунов
4
Егор Шалапов
7
Максим Семёнов
8
Талғат Жайлауов
9
Найджел Доус
10
Никита Михайлис
15
Максим Худяков
16
Ярослав Евдокимов
20
Виталий Колесник
22
Владислав Никулин
25
Дамир Рыспаев
27
Брэндон Боченски
29
Дмитрий Грэнц
30
Нұрсұлтан Белгібаев
32
Дмитрий Мальгин
33
Павел Полуэктов
38
Кевин Даллмэн
41
Дастин Бойд
46
Александр Липин
48
Роман Старченко
51
Мадияр Ибрайбеков
53
Владимир Маркелов
55
Кэм Баркер
68
Дмитрий Гурков
69
Илья Лобанов
72
Иван Кучин
81
Константин Пушкарев
84
Кирилл Савицкий
86
Кори Тривино
87
Артемий Лакиза
88
Евгений Рымарев
90
Кевин Пулен
91
Никита Иванов
93
Мартен Сен-Пьер
96
Алихан Асетов
97
Кирилл Панюков
Александр Корешков
Клуб президенті
Борис Иванищев
Вице-президент
Арман Нурумбетов
Вице-президент
Вадим Гусейнов
Бас менеджер

МАҚСАТТАР

Негізгі мақсаттары – чемпиондар командасын тәрбиелеу және әлемдік алаңда Қазақстанның оң имиджін қалыптастыру.

- клуб құрамына кіретін барлық команданың жоғары орын иеленуі, соның ішінде БЖСМ да бар, өздері қатысқан барлық жарыста жеңіске жету.
- клуб командасының айтулы халықаралық лигалар мен жарыстарға қатысуы арқылы барлық жастағы Қазақстан құрамасы ойыншыларының негізін әлемдік біріншілікке дайындау;
- клуб жүйесінде халықаралық санаттағы хоккейшілерді біртіндеп дайындау: БЖСМ – «Қар барыстары» жастар командасы – «Номад» фарм-команда – «Барыс» негізгі команда;
- Қазақстан мен оның астанасының имиджін спортта үлкен табысқа жете алатын мемлекет және қала ретінде таныту;
- салауатты өмір салты мен бұқаралық спорт идеясын насихаттау.

БАЙЛАНЫСТАР

Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қаласы, Қонаев көшесі, 8, блок Б,
"Изумрудный квартал" БО, 707 каб.

Кеңсе:
+ 7 (7172) 279 400
Баспасөз қызметі:
+ 7 (7172) 279 409

Келесі командасы

Astana Motorsports