«Астана» Президенттік клубы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұсынуы бойынша құрылып және халықаралық спорттық аренада "Астана" ұлттық брендін көрсетеді. "Астана" президенттік клубының атауымен табысты қазақстандық спорттық жобалар шығады — «Astana Pro Team» кәсіби велокомандасы, «Астана» футбол клубы, «Барыс» хоккей клубы, «Астана» баскетбол клубы, «Astana Motosports» ралли- рейді бойынша команда, «Astana Arlans» боксшылар клубы.

6

Кәсіби команда

Бүгін "Астана" Президенттік клубы - бұл амбицияға толы және болашағы зор жоба, негізгі миссиясы ұлттық мультиспорттық бренді негізінде Астана және Қазақстанның халықаралық имиджін көтеру және дамыту болып саналады. Жобаның мақсаты болып жетекші отандық спорттық командалардың күшін қабілеттерін қуаттау жолымен әлемдік спорттық кеңшілікке кіру, сонымен қатар спорттық жоғарғы жетістіктерін дамыту және салауатты өмір салтын жариялау саналады.

161

Кәсіби жеңіс

Спорттық клубтардың және спортшылардың жетістіктері еліміздің ішінде қалай танымал болса, шетелге де сондай танымал. Және бұл Қазақстандағы кәсіби спорттың дамуының үлкен жолының алғашқы қадамы ғана. Біздің спортшыларымыздың әрбір құрмет пьедесталындағы шыңдалуы еліміздің имиджін нығайтып және болашаққа деген ұмтылысына, күш беруге қызмет етеді.