Astana Pro Team

Бүгін «Астана» велокомандасы- кәсіби велоспорт командалары арасындағы топ командалардың бірі. 

КOМАНДА ТУРАЛЫ

КOМАНДА ТУРАЛЫ

Команда құрылғаннан бері 11 жыл ішінде ең әйгілі велошабандоздар жарысқа шықты, ең үздік әлемдік гранд-турлардың жеңімпаздары – Александр Винокуров, Альберто Контадор, Лэнс Армстронг, Винченцо Нибали, Фабио Ару.

«Астана» Қазақстанды ұсына отырып және  дүниежүзі бойынша Еуропа, Азия, Солтүстік Америка және Австралияны қоса есептегенде, жеңісті ұстайды. Команданың есебінде 248 жеңіс,оның ішінде  8 -і - үш гранд-турдағы жеңістер – Джиро ди Италия, Тур де Франс, Вуэльта Испании.


Команданың құрамында 29 шабандоз қатысады және 10 елдің ішінде, 45 адам қызметкер жұмыс істейді. Сонымен қатар, команданың 33% шабандозы - қазақстандықтар, қызметкерлерінің де төрттен бір бөлігі қазақстандықтар. 

ТАРИХ

2006

Испандық «Liberty Seguros» командасы негізінде жаңа кәсіби команда - Astana Pro Team құрылды

Кәсіби команданың демеушілері болып Қазақстанның бес ірі өнеркәсіптік консорциумы шықты: «Қазақстан Темір жолы» ҰК АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «KEGOC» АҚ, «Қазақмыс» корпорациясы, «ENRC Management KZ» ЖШС.

Бірнеше күн ішінде команда көліктері мен автобустары сары-көк түске – Қазақстан туының түсіне боялып шықты. Қысқа мерзімде жаңа киім үлгілері әзірленді. Осылай, әлемдік велоспорт көгінде жаңа жұлдыз, жаңа топ пайда болды.

2007

Александр Винокуров команда капитаны болды

Команда жеңіске жетуді жалғастырады – 2007 жылы «Тиррено — Адриатикода» жалпы есепте жеңді, «Джиро д’Италия», «Тура Романдии» жекелеген кезеңдерінде жеңіске жетті және «Критериум Дофине Либере» беделді жарысында алдыңғы саптан көрінді, айта кетерлігі, үш кезеңде бірдей қазақстандық жарыскерлер - Александр Винокуров пен Максим Иглинский жеңіс тұғырына көтерілді.

Бұл жылы команда 16 рет жеңіс туын желбіретті.

2008

Команда «Тур де Франс 2007» жас жеңімпазы Альберто Контадораны қатарына қабылдайды

Контадор 2008 жылғы Испания Вуэльтасында топқа жеңіс әкелді, жалпы есепте өзінің командалық жолдасы Леви Лайфаймерден озып шығып, барлық үш гранд-турдың жеңімпазы болып – жарыс тарихындағы осындай нәтиже көрсеткен бесінші жеңімпаз атанды.

Бұл маусымның басқа нәтижелері – «Баск Елінің туры» және «Кастилия және Леон Вуэльтасы», «Романдия туры», «Валлоний туры» және «Калифорния туры» жарыстарында жалпы есеппен «Астана» командасының мүшелері жеңіске жетті. Команда барлығын қосқанда 30 рет жеңімпаз атанды.

2009

Команда жаңа демеушіге ие болды - «Самұрық-Қазына»

Бұл топтың басына түскен ауыр дағдарыстан шығып, жаңа жетістіктерге жетуіне көмектесті.

2009 жылдың қорытындысы бойынша «Астана» командасы 21 рет жеңіске жетті.

2010

«Самұрық-Қазына» жаңа демеуші болған сәттен бастап команда қаржыландыру жағынан әлемдік велоспорт ақсүйектерінің алдыңғы санатындағы топқа айналды

«Тур де Франс» маусымының ең басты гранд-турында команда көшбасшы болады, ал Александр Винокуров спорттағы мансап жолындағы тамаша жеңісіне жетеді – «Үлкен ілмек» 13-ші кезеңінде ол қайталанбас стильмен жеңіске жетеді. Маусым соңында Валентин Иглинский Қытайдағы «Хайнань турында» тропикалық жарыста жеңеді. 2010 жылы команда 20 рет жеңіске жетті.

2012

Александр Винокуров қайтадан командаға оралады

Ол командадан кетсе «Астана» тобы әлемдік рейтингте соңғы орынға түсер еді, солайша топтың келер жылға лицензия алуы екіталай болатын еді. Винокуров үлкен велоспортқа оралатынын мәлімдейді, оның жинаған ұпайлары команданың лицензия алуына көмектеседі.

Біртіндеп қалпына келген ол маусымды сыпайы бастайды, Малайзиядағы жарысқа қатысады, «Турция туры», «Дофине Либере» жарыстарында өнер көрсетеді. «Тур де Франс» аяқталған соң бірнеше күннен кейін Александр Винокуров тас жол жарысында тамаша жеңіске жетіп, Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальды салады.

2013

Александр Винокуров ресми түрде «Астана» командасының бас менеджері қызметін атқара бастайды

Винченцо Нибали «Астана» командасы атынан шыққан алғашқы жылы-ақ «Тиррено-Адриатико» веложарысы мен «Джиро д'Италия» гранд-турында жеңіске жетеді.

2013 жылы Қазақстанда алғаш рет кәсіби веложарыс – «Алматы туры» өтеді. Онда қазақстандық велошабандоз Максим Иглинский бірінші болып келеді.

2013 жылдың маусымында команда 16 рет жеңіске жетті.

2014

Команда тарихындағы ең жарқын кезеңнің бірі

Фабио Ару Джиро д’Италия корольдік тау кезеңде итальяндық гранд-турдан соңғы подиумда басып озып, тамаша жеңіске жетті. Винченцо Нибали «Тур де Франс» жарысында топ жарды.

Әлемнің 180 елі, 3 миллиардтан астам телеарна байланыстары – Қазақстанның жас астанасы – Астананың аты бүкіл әлемге тарайды. 20 кезеңнің 19-ында Винченцо көшбасшының сары майкасын киіп өтеді. Нибали жарыстың 4 кезеңінде жеңіске жетіп, көшбасшы майкасын Париждегі жеңіс мәресіне жеткізеді.

Бұл маусымда команданың барлық жарысқа қатысушылары 24 рет жеңіске жетті.

2015

Команда маңызды жеңістер санын рекордтық көрсеткішке жеткізді

«Тур де Франс» жарысында Винченцо Нибали жарыстың ең бір күрделі тау кезеңінде бірінші орынды иеленді. «Испания Вуэльтасында» Фабио Ару гранд-турда өзінің бірінші жеңісіне қол жеткізді. Қазақстандық жарыскер Алексей Луценко ең таңдаулы дивизион жарысында – «Швейцария турында» алғашқы жеңісіне жетті, кейін жеке старт бойынша Қазақстан чемпионы атанады.

2015 маусымында команда велошабандоздары барлығы 34 жеңіске қол жеткізді.

2016

2016 жыл команда үшін жеңіс сандары бойынша рекордты жыл болды. Маусымның басынан бастап команданың шабандоздары әлемнің әртүрлі түпкірінде біріншіліктерде жеңіске жете бастады.

Команданың басты мақсаты болып, дәстүр бойынша гранд- турдағы жеңісі болып саналады. Және 2016 жылы командада тағы да өз мақсаттарын жүзеге асыруға мүмкіндік болды – «Астана» өзінің лидерінің бастауымен әйгілі Джиро д’Италиядағы жеңісті Винченцо Нибали жеңіп алды.

Команда

Фабио Ару
Жандос Бижигитов
Пельо Бильбао
Матти Брешель
Михаэль Вальгрен
Оскар Гатто
Андрей Гривко
Дмитрий Груздев
Лауренс Де Вриз
Артем Захаров
Андрей Зейц
Арман Камышев
Танел Кангерт
Дарио Катальдо
Бақтияр Қожатаев
Мигель Анхель Лопес Морено
Алексей Луценко
Риккардо Минали
Морено Мозер
Луис Леон Санчес
Микеле Скарпони
Никита Стальнов
Паоло Тиралонго
Руслан Тлеубаев
Даниил Фоминых
Якоб Фульсанг
Йеспер Хансен
Сергей Чернецкий
Александр Винокуров
Бас Менеджер
Дмитрий Фофонов
Команданың менеджері
Александр Шефер
Спорттық директор
Дмитрий Седун
Спорттық директор
Джузеппе Мартинелли
Спорттық директор
Сергей Яковлев
Спорттық директор
Стефано Занини
Спорттық директор
Бруно Ченьялта
Спорттық директор
Ларс Михаэльсен
Спорттық директор

МАҚСАТТАР

Команданың мақсаты - ірі халықаралық жарыстарға өзіміздің қазақстандық чемпиондарын,жас велосипедшіледі тәрбиелеу, спортшыларды дайындау (Әлем чемпионаты, Олимпиада және т.б.)

Алдағы маусымға мақсат


Жыл сайын «Astana Pro Team» велокомандасы өз алдына мына келесі мақсаттарды қояды:



  • Үш гранд-турлардың бірінен жеңіс;

  • Апталық көпкүндік шабандоздардан  жеңістер;

  • Гранд-турлар және көпкүндік шабандоздарда жеңістің барынша жеңісі;

  • Жеке шабандоздарда және шабандоздар кезеңінде  Қазақстандық шабандоздар жеңістері;

  • Веложүгірістерін жүргізу, Қазақстанда спорттық командалардың қатысуымен PR-іс- шаралары;

  • Қазақстанда жас спортшылармен және өскелең ұрпақпен  (мастер-класстар, кездесу) іс- шаралар жүргізу;

  • Халықаралық жарыстарға спортшылардың құрамасын дайындау (Әлем Чемпионаында, Олимпиада, Азия Чемпионаты және т.б.)

БАЙЛАНЫСТАР

Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қаласы, Қонаев көшесі, 8, блок Б,
"Изумрудный квартал" БО, 707 каб.

Кеңсе:
+ 7 (7172) 279 400
Баспасөз қызметі:
+ 7 (7172) 279 409

Келесі командасы

FC Astana