«АСТАНА» ФУТБОЛ КЛУБЫ

УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық турнирінде елімізді таныстыратын тарихтағы алғашқы Қазақстан клубы

КOМАНДА ТУРАЛЫ

КOМАНДА ТУРАЛЫ

«Астана» футбол клубы – астана қаласының атын иеленген кәсіби футбол клубы. Қазақстанның үш дүркін чемпионы. УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық турнирінде елімізді таныстыратын тарихтағы алғашқы Қазақстан клубы.

Астананың өз стадионы «Астана Арена» 2009 жылы ашылды. Ол Қазақстанның ең ірі футбол стадионы, 30 мыңнан астам жанкүйерді қабылдай алады. Команда Қазақстанның Премьер-Лигасында 2009 жылдан бері ойнап келеді. Клуб президенті – Хамитжанов Саян Жақсыгелдіұлы. Команданың бас жаттықтырушысы – болгар маманы Станимир Стойлов, бұл лауазымға ол 2014 жылдың 4-ші маусымында тағайындалды. Клубтың қазіргі капитаны – Танат Нөсербаев. Команданың бас демеушісі «Самұрық-Қазына» АҚ.

ТАРИХ

2009

Клуб «Локомотив» деген атаумен құрылды

Маусым алдында «Локомотив» чемпиондық титулды иеленуге лайықты бірден бір клуб аталды, бірақ құрама мүшелері бұған дейін бірге ойнап, үйреніспегендіктен жеңіске жете алмады. 18-ші турға қарай «Локомотив» турнир кестесін бастады, бірақ «Ақтөбе» тобының қорында үш матч болды. Екі клубтың бетпе-бет кездесуінде «Локомотив» жеңіске жетті, бірақ ақтөбеліктер маусымды табысты аяқтап, ел чемпионы атанды.

2010

«Локомотив» Қазақстан Кубогын иеленді

2010 жылдың 14-ші қарашасы күні «Локомотив» «Астана Арена» стадионының финалында қарағандылық «Шахтёрді» 1:0 есебімен жеңіп, Қазақстан Кубогын ұтып алды, голды Михаил Рожков соқты.

2011

2011 жылы мамырдың 20-сында клуб құрылтайшылары оның атауын «Астана» деп өзгертуге шешім қабылдады

2011 жылдың 11-ші қарашасы күні «Астананың» бас жаттықтырушысы болып Олег Протасов тағайындалды. Аутсайдер Оқжетпестен 1:4 есебімен қатты ұтылған соң Протасов өз еркімен қызметінен кетті. Сәл уақыттан соң Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы Мирослав Беранек оның орнына тағайындалды.

Нәтижесінде команда Қазақстан суперкубогын ұтып алады.

2013

Клуб жаңа демеушіге ие болды – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Чемпионаттағы ең басты мақсат – алтын медаль екенін бірден белгілеп алған соң, оны алу үшін топ мүшелері аянып қалмады. Бүкіл чемпионат бойы топ өте жақсы өнер көрсетті, тек соңғы турларда ғана кемшіліктер болды. Солайша сол маусымда чемпион болған «Ақтөбе» командасына бір ұпай саны ғана жетпеді.

2014

Клуб ел чемпионы атауын лайықты түрде жеңіп алды

Бұл мерзімінен бұрын, маусым аяқталғанға дейін екі тур қалғанда болды, уақыты өзгертілген матч та осыған кіреді. Чемпионат кезінде «Астана» 32 матч өткізді, оның 18-інде жеңіске жетіп, он ойынды теңбе-тең аяқтады, тек төртеуінде ғана астаналық клуб ұтылып қалды.

2015

"Астана" «Астана» ФК-сы Қазақстан Чемпионатында жеңіске жетіп, Чемпиондар Лигасының топтық раунда алғашқы қазақстандық клуб болды!

Дәстүрге сай, 2015 маусымын Суперкубок үшін матч ашты. Олжа маусымында бірінші орынға 2014 жылдың чемпионы «Астана» мен 2014 жылы ҚР Кубогын иеленген алматылық «Қайрат» командасы таласты.

Қажырлы күресте матчтан кейінгі 11 метрлік соққы нәтижесінде Абзал Бейсебековтың жеңіске жеткізген голы ойынды сәтті аяқтап, команда Қазақстан Суперкубогын ұтып алды.

2016

2016 – Қазақстан чемпионы, Қазақстан Кубогының жүлдегері, Еуропа Лигасы кезеңінің топық қатысушысы

Команда

35
Мокин Александр
1
Эрич Ненад
47
Дүйсен Абылайхан
27
Логвиненко Юрий
7
Мужиков Серікжан
23
Твумаси Патрик
5
Аничич Марин
77
Шомко Дмитрий
12
Наджарян Геворг
30
Кабананга Жуниор
14
Шитов Игорь
15
Бейсебеков Абзал
31
Жүнісов Абай
Хамитжанов Саян Жақсыгелдіұлы
«Астана» футбол клубының Бас менеджері
Бекенов Қайсар Рауфович
Атқарушы директор
Станимир Стойлов
Бас жаттықтырушы

МАҚСАТТАР

«Астана» ФК құрудағы негізгі мақсат – Қазақстан мен оның жас астанасының әлем алдында имиджін көтеріп, тұрғындар арасында салауатты өмір салты идеясын насихаттау болатын.

Ұзақ мерзімді мақсаттар:
- Барлық әлемдік стандарттарға сай Академия құру;
- Қазақстандық футболды Әлемдік алаңда ойнауға лайықты спортшылардың жас буынын тәрбиелеу;
- УЕФА Еуропалық турнирінің тұрақты қатысушысы болу.


Алдағы маусымға мақсаттар – Қазақстан Кубогында және Чемпионатында жеңіс, еуро кубок кезеңінде топтық қатысу.

БАЙЛАНЫСТАР

Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қаласы, Қонаев көшесі, 8, блок Б,
"Изумрудный квартал" БО, 707 каб.

Кеңсе:
+ 7 (7172) 279 400
Баспасөз қызметі:
+ 7 (7172) 279 409

Келесі командасы

BC Astana